"БҚО әкімдігі білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты" КММ
0

 

Конкурстық қабылдау

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты» 2021-2022 оқу жылына 10-сыныпқа ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ бойынша конкуpстық негізде негізгі мектепті үздік аттестатпен тәмамдаған үміткерлер арасында қабылдау жариялайды! Құжаттар 07.07.2021-.07.08.2021 аралығында онлайн түрде https://docs.google.com/forms/d/1Z5C9Umm54idgOYX_SYtOY_SHUTTC_5SsKj2sw_Fu55k/edit?usp=sharing сілтемесі бойынша қабылданады. Сонымен бірге, үміткердің ата-анасы/заңды өкілі білім беру ұйымында да тіркеуден өте алады. Орын саны – 5 адам.

Қабылдау емтихандары келесі пәндер бойынша ағымдағы жылдың 10 тамызында білім беру ұйымында өткізіледі:

1) Оқу сауаттылығы – 20 сұрақ

2) Математикалық сауаттылық – 15 сұрақ

3) Қазақстан тарихы – 15 сұрақ

4) Үміткердің таңдауы бойынша екі пәннен – 45/45 сұрақ

1 бейіндік пән/2 бейіндік пән

  1. Ағылшын тiлi/Дүниежүзі тарихы
  2. География / Ағылшын тiлi
  3. Дүниежүзі тарихы / Адам. Қоғам. Құқық
  4. Дүниежүзі тарихы / География
  5. Қазақ тілі/орыс тiлi - Қазақ әдебиеті/орыс әдебиеті

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

1.

Ағылшын тiлi

Дүниежүзі тарихы

2.

География

Ағылшын тiлi

3.

Дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

4.

Дүниежүзі тарихы

География

5.

Қазақ тілі/орыс тiлi

Қазақ әдебиеті/орыс әдебиеті

 


Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

 

Құрылғаннан бергі 20 жылда шашасына шаң жұқтырмай, қатарынан оза шапқан «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты» 2021-2022 оқу жылына 7 сыныпқа конкуpстық негізде қабылдау жариялайды! Гимназия Теректі ауданы, Подстепное ауылында орналасқан. Ұлдар мен қыздарға арналған жатақханалар бар. Жаңа технологиялармен толық жабдықталған.

 

Ең бастысы, мұнда бала жүрегіне жол таба білетін, өз істерінің майталмандары—шебер ұстаздар жұмыс істейді. Бізден түлеп ұшқандар 100 пайыз жоғары оқу орындарына оқуға  түседі. Жиырма жылда 170 "Алтын белгі", 88 "Болашақ" грантының иегерлері  шығып, алыс-жақын шетелдерде білім алуға қол жеткізді. Тәлім мен тәрбиенің ұясы, ұлт дәстүрін жалғастырушы, халық педагогикасын негізге ала отырып  еңбек ететін  гимназиямызға хош келесіз!

 

Құжаттарды онлайн-тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz/kz/index.php сілтемесі бойынша өтеді.

 

Сонымен бірге, баланың ата-анасы/заңды өкілі 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында таңдалған мамандандырылған білім беру ұйымында тіркеуден өте алады.

 

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

  1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
  2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
  4. фотосурет 3х4.

 

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 2 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)

 

Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі. Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

Конкурс әр өңірде бекітілген тірек мектептерде өтеді.

 

7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша тестілеу өткізіледі:

(барлығы - 75 сұрақ): 7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.

 

Математика және логика-55 сұрақ;
Оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.

 

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ/орыс
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

Егер құжаттарды жүктеу кезінде қиындықтар туындаса, біздің гимназияға келіп тапсыруға болатынын қаперіңізге саламыз. Whatsapp: 87075102235 – Армат Максимұлы