"БҚО әкімдігі білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты" КММ
0

 

Абай тағлымы" жобасы аясында

Абай тағлымы" жобасы аясында Абай тағлымын дәріптеу және тәлімін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында Абай желілік мектептерінің жоспарына орай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия- интернатында 2021 жылдың 12-19-сәуір аралығында online және offline форматта жаратылыстану пәні бірлестігінің "Абай және математика" атты апталығы өтті. Алғашқы сабақты 6-сыныпқа матемтатика пәні мұғалімі Нұрғайша Жадигереевна, «Абай және математика» тақырыбында zoom платформасымен өткізді. Сабақ барысында оқушылардың жасерекшеліктерімен байланыстыра отырып, Абайдың балалық шағына тоқталды. 10 жасыннан бастап өлең жаза бастағанын, 13 жасында Батыраштың асын бергенін айтып оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Айгүл Ғалымжанқызы «Абайдың танымдық алгебрасы» тақырыбындағы өз сабағын 8-сынып оқушыларына өткізді.