"БҚО әкімдігі білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты" КММ
0

 

Қамқоршылық кеңес

Хаттама №1

Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясында қыркүйек айының 18 і күні zoom платформасы арқылы «Қамқоршылық кеңес» мүшелерінің отырысы өтті.

                                                                                                                                    Қатысуға тиіс - 9

                                                                                                                                    Қатысқаны: - 9

 

Күн тәртібінде:

Гимназия оқушыларының қашықтықтан оқуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, гимназия ұжымымен бірлескен жұмыстарды жоспарлау

 

                      

Тыңдалды:

Төрайымы Төлегенова Г.Т

Құрметті кеңес мүшелері өздеріңізге белгілі былтырғы оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап, республика көлемінде балаларымыз қашықтықтан оқып келеді. 2020-2021 оқу жылында осы онлайн платформасымен бастап жатырмыз. Сабақ онлайн болғанмен бізде де осы қашықтықтан белгілі бір ережелерді сақтай отырып, жылдағыдай өз жұмысымызды жоспарлап жүргізе беруге тиіспіз. Сондықтан алдағы жұмыстармен құрылған жоспар бойынша таныстырып өтемін, қосатын ойларыңыз, ұсыныстарыңыз болса ортаға салып отырарсыздар.

Барлығымызға белгілі гимназия әкімшілігі өз қолдарынан келгенше оқушылардың тізімі арқылы көп балалалы отасылардың, аз қамтылған отбасылардың, толық емес жанұялардың балаларына қолда бар компюьтерлерін, ноутбуктарын, интернеттерін таратып беріп отыр. бірақ, әлі де қамтылмай отырған оқушылар бар сондықтан, осы жағдайды ескере отырып, демеушілер іздестіру керек. Сонымен қатар, бұрын қайырымдылық айлығы тек тамыз-қыркүйек айларында жүргізілсе ,енді жыл бойы жүргізіледі, бұлда біздің қаперімізде жүруі керек деп ойлаймын.

Содан кейін қариялар күні мерекесіне арналған шараларда, мұғалімдер күніндегі әлеуметтік желі арқылы шығарылатын құттықтауларды, қараша айында бала құқығына орай өткізілетін айлық жұмыстарына ат салысып өз үлесімізді қосуды жоспарладым. Әзірге осы І жарты жылдықты атқарып, ІІ жарты жылдықтың жұмысын алда жоспарға енгізсек деген ұсынысым бар. Кім қосары бар сөз өздеріңізде

 

Сөйледі: Мүшесі  Қ.Ә Чурин  

Меніңше ата-аналарға түсіндіріп айтып ата-аналар арасынан жеке кәсіпкерлерге ұсыныс білдіру керек. және әзірге жоспардың осы І жарты жылдыққа құрылғаны дұрыс деп есептеймін.    

Мүшесі:   Ж.Б Ахметов        

 Менің де ойым осы, Осы ұсыныстарға келісемін. Және байланысты үзбей ұстаздар қауымына қолдау көрсетіп отыруымыз керек деп ойлаймын

 

Төрайымы: Төлегенова Г.Т

 Бүгінгі отырысымызда айтылған ұсыныстарға алып-қосарларыңыз болмаса, алдағы ісімізге сәттілік тілеймін. Және кеңес мүшелері мен ата-ана комитетінің гимназиямен байланыс жұмыстары күшейтіліп, құрылған жоспар бойынша жұмыстар жүзеге асырылсын.

Қабылданған қаулы:

  1. Құрылған жоспар бойынша жұмыстар жүзеге асырылып, қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата-ана комитетінің гимназиямен байланысы күшейтілсін.

Кеңес төрайымы:  Г.Т.Төлегенова 

Мүшелері:

Құрманғалиев Ерболат Қуанышұлы

Абдугалеев Бериккали Байгалиевич

Днишева Ания   Сержановна                                     

Ахметов Жаннұр Бекбауұлы     

Куспанова Ризвангуль Хасангалиевна       

Тасболатов Армат  Тасбулатович       

Жуанысова Алтынай Гарифолловна

Чурин Қуаныш Әлібекұлы

                                                                                                                18.09.2020

 

 

Хаттама №1

 

Теректі аудандық білім беру бөлімі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде ауданымыздағы  мектебімізде Қамқоршылық кеңестің мүшелерінің белгілі себептермен өз өтініштерімен құрамынан шығуына байланысты төмендегі мектептерге  өтініш  қабылданатындығы туралы хабарлайды.   

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1)жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; 

5)қайырымдылық жасаушылар (бар болса).   

 

Мектептің атауы.

Тұлға саны.

1

Магистральный ЖОББМ

6

2

Ұзынкөл ЖОББМ

3

3

Федоровка №1 ЖОББМ

2

4

Қоғалытүбек  НМ

2

5

Чапаев ЖОББМ

2

6

Ақсуат ЖОББМ

1

7

Теректі ауд. Лингвист. гимназия

4

8

Х. Есенжанов ЖОББМ

2

9

Шаған ЖОББМ

2

10

Анкаты ЖОББМ

5

11

Ы. Алтынсарин ЖОББМ

Хатшы

12

Новопавловка ЖОББМ

2

13

Богдановка НМ

2

14

Еңбек

2+Хатшы

15

Долин НМ

1

 

Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімі  және өтініштерін  мектеп әкімшілігіне тапсыруға болады.                               

 

 

Хаттама №4

 

 

Хаттама №1